Мәскеуде 53 жастағы Якубжан Хакимжановқа «азаматсыздық» төлқұжаты берілді. Бұл «РИА Новости» агенттігі Мәскеудегі Қоғамдық бақылау комиссияның мүшесі Ева Меркачёваға сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, Хакимжанов Ресей астанасында осындай төлқұжат алған бірінші адам. Ол бұған дейін Сахароводағы миграциялық орталықта екі жылдай тұрған. Оны ешбір өлкеде азаматтығы болмағандықтан, ешқайда депортациялай алмаған.
Мигрант өзі Тәжікстан астанасы Душанбеде туғанын, бес жасқа келгенде оның ата-анасы Ресейдің Астрахан облысына көшіп барғанын айтады.
Меркачёваның айтуынша, Хакимжанов «жас кезінде түрмеге түсіп қалған, одан соң құжаттары табылмаған». Ол алғаш ұсталған кезде, полиция оның тегін анықтай алмаған, себебі, ешбір өлкеде азаматығы болмай шыққан.
«Азаматсыздық төлқұжаты» туралы заң Ресейде 2021 жылдың тамызында күшіне енген. Оған сәйкес, сот шешімімен Ресей азаматтығы тартып алынған, СССР кезеңінен бері төлқұжаты ауыстырылмаған және орыс азаматтығын ала-алмай жүргендер осындай құжатты ала алады. Мұндай құжат ешбір өлке қабылдамағандықтан, сот шешімімен депортациялауға мүмкін болмаған азаматтарға беріледі.
«Азаматсыздық төлқұжаты» он жылға дейін жарамды. Бірақ оны жыл сайын ұзартып тұруы керек.
KAZAKBOL.COM