Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Мәжіліс заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады

KAZAKBOL.COM

14 маусымда мәжіліс «Заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.

Заң жобасының негізгі мақсаты «заңсыз иемденген және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару, активтерді ерікті түрде қайтаруға ынталандыру, активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» деп айтылады.

14 маусымда Азаттық қоғамда жиі қойылған сұрақтардың бірі – «активтерді заңсыз иеленді деген тұлғалар тізімі неге құпия болады және оған экс-президент пен оның отбасы ене ме?» деген сұрақты мәжіліс спикері Ерлан Қошановқа қойған еді. Бұған қоса, «заңсыз активтерді өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауапқа тартылмайды» деген норманың қоғамда дау туғызуы жөнінде де сұраған. Қошанов «қазір басты міндет – заңсыз шығарылған активтерді қайтару» деді. Ол жоғарыда айтылған тізімге кімдер кіретінін білмейтінін жеткізіп, «заң бұзып, шетелде қаржысы анықталғандардың барлығы тізімге енеді» деді.

14 маусымда Қошанов сөз арасында «қылмыстық жауаптан босату процесті жылдамдататынын, әйтпесе [активтерді заңсыз иемденгендер] адвокат жалдап, сотта қорғануы мүмкін» екенін де айтты.

Қаңтар оқиғасынан кейін «қоғамның талабы негізінде» әзірленді деп айтылған құжат халық несібесінен желінген байлықты қайтара алатынына күмәнданатындар көп.

Аталған заң жобасы мен тағы үш ілеспе құжат 24 мамырда парламентке жұмысқа алынған. Заң жобасы қабылданғаннан кейін Бас прокуратура ішінен жаңа ведомство құрылады. Бұған қоса, арнайы мемлекеттік қор мен активтерді жинақтау және басқару мәселелерімен айналысатын компания құрылады.

Бұған дейін Бас прокуратура Қазақстанға 760 млрд теңге актив қайтарылғанын хабарлаған. Қай елден және кімнің активі қайтарылғаны туралы ақпарат ашық жарияланбаған. Биыл сәуір айында Transparency Kazakhstan қорының сарапшылары мәлімдемесінде Қазақстанда елден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару процесі ашық жүргізілмей отырғанын, процесс құпияланғанын жазған. Қордың сарапшылары активтерді қайтару процесі құпия бола берсе, олигархтар мен шикізат алпауыттары арасында «тиісуге болмайтын» адамдардың тізімі жасалуы мүмкін, «заңмен құқығы мүлде шектелмеген» көлеңкелі топтар пайда болуы ықтимал деген қауіп айтқан.

«Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы» заң жобасын бұған дейін белсенділер мен сарапшылар да сынаған. Қоғам белсенділерінің пікірінше, «құжат мемлекетті тонағандарға жауаптан жалтаруға мүмкіндік береді, тіпті заңсыз алған активтерін заңдастыруға жағдай жасауы мүмкін» деген қауіп айтқан. Мысалы, олар заң жобасындағы «активтерді өз еркімен тапсыру» туралы норманы алып тастау керек, «активтерді өз еркімен тапсыру туралы норма амнистиямен пара-пар» деген еді кейбір белсенділер.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM