Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Мәжілісте журналистер мен блогерлерге сот процестері туралы жазуға тыйым салуды ұсынды

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда ақпарат құралдарына сот процестері туралы жазуға тыйым салуды ұсынды.

Informburo сайтының жазуынша, мұндай түзету мәжілісте талқыланып жатқан сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында бар. Аталған түзету ішінара кері қайтарылған, бірақ бастама авторы қайта ұсынуды жоспарлап отыр.

«Ешкімнің әлеуметтік желілер мен БАҚ-та сот өндірісінде жатқан және заңды күшіне енбеген істер туралы ақпарат таратуға құқығы жоқ» деп жазылған заң жобасында. Бұл ережеге бағынбағандар жауапқа тартылуы мүмкін.

Бастама авторы, мәжіліс депутаты Нұрлыбек Ожаевтың түсіндіруінше, тараптардың бірі қоғамда теріс пікір қалыптастырып, сотқа қысым жасау үшін дұрыс емес ақпаратты таратуы мүмкін. Аталған түзету соның алдын алады.

Informburo сайтының жазуынша, түзетуді жұмыс тобы кері қайтарған. Алайда Ожаев түзетуді басқаша өзгертіп, ұсынатынын айтқан.

«Ұсынысты қайтып алдым. Басқаша өзгертіп, жұмыс тобының алдағы отырыстарында қайта ұсынамын. Әлі талқылаймыз. Оның журналистерге қатысы жоқ. Журналистерге ешқандай өкпе-реніш жоқ, олар сот процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бізде БАҚ туралы заң бар, Конституция бар, бәрі реттеледі. Менің айтайын дегенім, қазір кез келген азамат заңгер болмаса да, сот процестерінің байыбына бармай жатып, әлеуметтік желілерде талқылайды, өзінше баға береді. Әлеуметтік желілерде беделді адамдар жазады, содан кейін қоғамда негатив туындайды» деді ол.

Бұған дейін заң жобасын талқылауға қатысқан адвокат Гүлнар Сүлейменова аталған даулы түзету туралы жазған. Ол өзінің талқылау кезінде пікірін айтуға мүмкіндік берілмегенін айтып, пікірін әлеуметтік желіге жариялаған.

«Ақпарат құралдарында [сот процестері туралы материалдарды] жариялауға тыйым салу бұл дискриминация, Конституцияға да қайшы. Бұл сонымен бірге сот жүйесіне қоғамдық бақылау орнату сияқты (соттың тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейді, оның қызметіне кедергі жасамайды да) маңызды нәрсеге тыйым салады» деп жазған еді адвокат.

Журналистер мен блогерлер талқылауға шақырылмаған.

Баспасөз қорғау ұйымдары аталған түзетуді сынап, «әлдекімдерге соттың ашықтығы ұнамайды, сот залдарынан репортаждың көп болғанын қаламайды» деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM