Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Мұхтар Шаханов: Бізді Жер туралы комиссияның құрамына халықтан қорыққасын кіргізді

KAZAKBOL.COM

Танымал ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Замана басылымына сұхбат беріп, қоғамдағы өткір мәселелер жөнінде пікірін ашық айтты.

«Жердің біраз бөлігі әлдеқашан сатылып қойған. Тіпті мынау Төлеби ауданындағы ең шұрайлы Қасқасу деген жердің біраз бөлігін біреулер жекеше­лендіріп алған. Онымен қоймай, ол жерлерді араб­тарға жалға беріп тастаған. Соның кесірінен қазір жергілікті тұрғындар малын жая алмайды, емін-еркін кіріп-шыға алмайтын болды. Ал енді осы сияқты мәселе барлық өңірде кездеседі. Бірақ ол нәрсе еш жерде ашық айтылмайды. Осы мәселені біз Жер комиссиясының отырысында ортаға салдық. «Жер шетел­діктерге де, жергілікті тұрғын­дарға да сатылмасын. Тек жергілікті халыққа ғана жалға беру керек», – деп ұсыныс айттық. Жер комиссиясында 75-тен астам адам бар, соның 59-ы «Жерді шетелдіктерге сатқан, жалға берген дұрыс болады» дегенді қолдады. Ал бар-жоғы 11 адам жаңа мен айтқан көзқараста болдық. Кейіннен әлгі 11 адамның тағы бір-екеуі комиссия құрамынан шығып кетті, сонымен қалған 8-9 адам жағаласып келе жатыр­мыз. Менің жерді бөтеннің қолына беруге білдірген қарсылығым ешқашан өзгер­мейді. Осы айтқанымыздан қайтпаймыз. Ақырына дейін барамыз деп отырмыз. Бізді әлгі комиссияның құрамына елден қорыққанынан ғана кіргізіп отыр. Ал бірақ өздері жердің сатылуына мүдделі. Өйткені олар жердің көп бөлігін әлдеқашан сатып қойған», — деп жайып салды Шаханов.

Сондай-ақ, ақын күрмеуі шешілмеген қазақ тілінің мәселесіне де аз-кем тоқталып өтті.

«Мәселен, біз жыл сайын мемлекеттік тілді қолдау акциясын өткіземіз. Мемле­кеттік тіл дегеніміз тек маған ғана тиісті нәрсе емес, оны өздеріңіз білесіздер. Бірақ қазіргі кезеңде соған жанашырлық танытайын, қаржылай қолдау көрсетейін деген бірде-бір кәсіпкер жоқ. Біздегі кәсіпкерлердің көбі – космополиттер. Биліктегілердің де 75-80 пайызы өз ана тілінде оқи да, жаза да алмайды. Оларға ұлттың керегі жоқ, тілдің де қажеті шамалы. Сондықтан ондайлардан үміт күтудің өзі бос әурешілік деп есептеймін», — деді ақын.

Сонымен қатар, Шаханов өзінің қанша айлық алатынын да жасырмады. «Жалын» журналының бас редакторы ретінде ол 150 мың теңге жалақы алып келген екен. Алайда, соңғы алты айдан бері бұл жалақысы да қолға тимей, кешігіп жатқан көрінеді.

Zamana.kz

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM