Фото: time.kz
Астанада өткен жер комиссиясының алғашқы отырысында ақын Мұхтар Шаханов жерді шетелге жалға беруді де тоқтату керек деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ақын жер мәселесінің өте қатты ушығып отырғанын баса айтты.
«Қазір халықтың жағдайы нашар, осыны ескеру керек. Жер сатылмайды деп сөз берген депутаттар кезінде. Бірақ сатылып жатыр. Ал, бүгінгі наразылық елдің мүддесі үшін болып жатыр. Ешкім атақ үшін жүрген жоқ. Мен елу елдің наградасын алған адаммын. Оның барлығын тақсам, шалбарымда да орын қалмауы мүмкін. Маған ешқандай атақ-абырой керек емес. Жер – анамыздың анасы, бабамыздың бабасы. Жерден айрылсақ, ештеңеміз қалмайды. Сол үшін жерді шетелге сатқанды да, жалға бергенді де тоқтату керек. Мен депутат боп жүргенде көп жер арабтарға беріліп кетті. Соның барлығын шешіп, күн тәртібіне қою керекпіз. Жерді жалға берсек, тек өз азаматтарымызға беру керекпіз. Біз бұған түгелдей қарсымыз», — деді Мұхтар Шаханов.
Ақын өз сөзінде сондай-ақ бүгінде белсенді түрде көтеріліп жатқан үш тұғырлы тіл бастамасына да наразылық білдірді.
РАХМЕТ МҰХТАР АҒА.ХАЛЫҚТЫН СӨЗІН ЖЕТКІЗГЕНІҢІЗГЕ РАХМЕТ.ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫН СІЗБЕН ОЙЫ БІР.