Ресей астанасы – Мәскеу қаласының қақ ортасында қырғыздың бес жігіті орта жастағы орыс әйелін жабылып зорлады.
Бұл туралы РИА «Новости» ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.
Ресей тергеу комитететі Мәскеу қаласындағы басқармасының көмекшісі Юлия Иванованың айтуынша, ақпанның 22-сі күні Таган ауданындағы Сергей Радонежский көшесінің бойында орналасқан көп қабатты үйлердің өжіресінде топ болып әйел зорлау оқиғасын жасаған бес қырғыз мигранты қолға түскен.
Олар осы көшенің бойымен өтіп бара жатқан 49 жастағы әйелді үйдің астындағы баспанаған сүйрелеп кіргізіп алып, басынан арматурамен ұрып талдырып, артынан бәрі кезектесіп зорлап шыққан.
Терегу комитеті мұны жасаған қырғыз жігіттерінің біреу ғана 30-да, ал қалған төртеуінің 20-дан жаңа асқанын мәлімдеді.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бұл оқиғаны екі бап бойынша қарастырады
KAZAKBOL.COM