Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Маңғыстауда «150 вакцина паспортын сатқан» дәрігерлер мен делдалдар ұсталды

KAZAKBOL.COM

Маңғыстау облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның 50 паспортын сатқан 8 адам ұсталды, арасында дәрігерлер мен делдалдар бар. Бұл туралы 13 қыркүйекте Маңғыстау облысының полиция департаментіне сүйенген Lada.kz сайты хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, күдіктілер екпе алғаны жөнінде құжатты 30-50 мың теңге аралығында сатқан. Ұсталғандар 150-ден астам адамға құжат сатқанын мойындаған.

«Қылмыстық кодекстің 385-бап 2-бөлігі бойынша («Жалған құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу жалғасып жатыр» деп хабарлады облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев.

Бұл фактілер Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Мұнайлы ауданындағы мемлекеттік және жеке меншік ауруханаларда анықталған. Полиция тергеу жалғасып жатқандықтан күдіктілер көбеюі мүмкін екенін айтады. Олардың сөзінше, вакцина паспортын сатып алғандар кәдімгідей екпе процедурасына келген, бірақ екпе алмаған.

– Медбикелер мақтаны алып, екпені адамның қолына емес, мақтаға салған, бұдан соң вакциналау базасына екпе алды деген мәлімет енгізген. Ол адамдардың байланыс ортасын анықтадық және тізбек бойынша қатысы барларды анықтай бастадық, — деді Алтынбек Қалиев.

Қазақстанда вакцина паспорты коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алғандарға беріледі. Билік тұрғындарды вакцина алуға міндеттей бастағаннан кейін вакцинаның жалған паспорты жайлы ақпараттар жиілей бастаған. Вакцина алмағандар жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл әсіресе қызмет көрсету саласында еңбек ететіндерге қатысты.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі заңнамада жалған құжат жасау бойынша 4 жылға дейін түрме жазасы қарастырылғанын, оны пайдаланғандар 40 күнге дейін қамалуы мүмкін екенін ескерткен.

19 млн халқы бар Қазақстанда 5,9 млн адам вакцинаның толық дозасын алған. Олардың қаншасы жалған паспорт пайдаланатыны белгісіз.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM