Үндістанның Одиша штатында жантүршігерлік жағдай орын алды. Құмда ойнап жүрген балалар көмілген сәбиді тауып алды деп хабарлайды Qamshy.kz.
Балалар құмда ойнап жатып, кішкентай сәбидің аяғын көріп қалады. Балалар бірден үлкендерді шақырып келеді. Олар құмнан туылғанына бірнеше сағат қана болған сәбиді тауып алды. Кішкентай қыздың денесі көк шөберекпен оралған. Сәбидің жылағаны естілмеуі үшін оның беті мен ауызы шөберекпен тұмшаланған екен. Адамдар полиция мен дәрігерлерді шақырды.
Абырой болғанда бала аман қалды. Полицейлер сәбиін өлтірмек болған анасы мен әкесін іздестіріп жатыр. Қазір баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Үндістанда мұндай жағдайға таң қалмайды.
Себебі нанын әрең тауып жүрген отбасында қыз дүниеге келсе, олар үшін бұл қуанышты жаңалық емес. Себебі қыз жат жұрттық болғаннан кейін өскенде тұрмысқа шығатыны белгілі. Ал оған қызының жасауын дайындау керек. Ол Үндістанда аз ақша тұрмайды. Ресми емес деректерге сай, Үндістанда заңсыз түсік тастау соңғы жылы миллиондаған қыздың өмірін қиды.
KAZAKBOL.COM