Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор елдің бұрынғы басшысының ұшағы төрт жарым жыл дегенде әрең сатылғанын мәлімдеді.
«Мексика еліне бүгін президенттік ұшақты сату бойынша келісімге қол қойылғанын мәлімдеймін», — деп жазды Лопес Обрадор 20 сәуірде Твиттер парақшасына.
Ресми мәліметке сәйкес, Boeing 787 Dreamliner үлгісіндегі президенттік ұшақ үшін Тәжікстан билігі 1,7 млрд песо (92 млн доллар) төлеген.
Бұл ұшаққа Мексиканың бұрынғы президенті Фелипе Кальдерон тапсырыс беріп, 220 миллион долларға сатып алған. Бірақ бұл ұшақ елдің кейінгі президенті Энрике Пенья Ньето тұсында, 2016 жылы ғана жеткізілген.
Тәжікстан билігі президент ұшағын сатып алу бойынша пікір білдірмеді. Оның қандай әуе компания сатып алғаны да белгісіз.
Президент Лопес Обрадор Boeing 787 Dreamliner ұшағын қолданудан бас тартып, коммерциялық рейстермен ұшатынын мәлімдеген. Сол себептен лайнер 2020 жылдан бері әуетұрағында тұрған.
KAZAKBOL.COM