Үш баланың анасы неге екені белгісіз, төртінші баласына жүкті болған кезде гинекологқа есепке тұрмаған.
Уфада мұғалім мектепте босанып, баланы сөмкеге жасырып қойған, сәби шетінеп кетті, — деп хабарлады Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.
Жедел жәрдем көлігі қансыраған әйелді ауруханаға жеткізді. Ол болған жайтты жасырмай айтқан. Оның сөмкесіндегі баланы дәрігерлер тауып алыпты.
Агенттік дереккөзінің айтуынша, әйел бұған дейін үш баланы дүниеге әкелген, неге екені белгісіз, төртінші баласына жүкті болған кезде гинекологқа есепке тұрмаған.
Тергеушілер оқиғаның-мән-жайын анықтап жатыр. Әйелдің өзі бала өлі туғанын айтқан.
KAZAKBOL.COM