Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу кезінде Беларусь-Польша шекарасындағы миграциялық мәселені шешуге көмектесуін сұрады. Осылай деп оның ресми сайты хабарлады.
Онда неміс саясаткер Путинге Польша шекарасын бұзып өткен мигранттар туралы сөйлесу үшін қоңырау шалған. Ол мигранттарды Еуропалық одаққа қарсы құрал ретінде пайдалану «адамгершілікке» жат деп айтып, президенттен Минскіге ықпал етуін сұраған.
Кремльдің баспасөз қызметі Путин ЕО өкілдері мен Александр Лукашенко режимімен тікелей байланыс орнатуды ұсынды деп хабарлады. Еуроодақ 2020 жылдың тамыз айында өткен Беларусьтегі президент сайлауының нәтижесін мойындамайды.
Соңғы айларда Таяу Шығыстан, Оңтүстік Азиядан және Африкадан шыққан мыңдаған мигранттар Еуроодаққа мүше болған Польша, Латвия және Литваның аймағына Беларусь арқылы заңсыз кіруге әрекет етіп жатыр.
Еуроодақ бұл үшін Беларусь президенті Александр Лукашенконы айыптап, мұны былтыр президент сайлауынан кейін енгізілген санкциялар үшін Брюссельден өш алу деп есептейді.
Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий 9 қарашада өлке парламентінің шұғыл жиналысында «Лукашенко жасап жатқан бұл шабуылдың артында Путин тұр», — деген.
Минск миграциялық дағдарыс үшін жауапкершілік алмай келеді. Мәскеу оған қатысы бар екенін теріске шығарып келеді.
KAZAKBOL.COM