Ninety One тобы
«Танымалдылықтың пайдасы көп қой. Әрине ол қандай танымалдылық? Мен ойламаймын көшеде «Найнти уан» емін-еркін жүреді деп. Ондай танымалдылықтың керегі жоқ. Бес адамның екеуі ұрғысы кеп жүреді. Ондай тығылып, қысылып-қымтырылып жүрген танымалдылық өнер ме?!«, — деген ол өзін талай жерде құрметтеп, ел төбесіне көтерген сәтттерін де еске алды.
«Танымалдылықтың әртүрлісі бар ғой. Құдайға шүкір, танымалдылығым көп жеде көмектесті. Гаи-де, ұшақпен ұшарда құжатымды ұмытып кетіп, оған түсіністікпен қарап жататындар көп. Мысалы, ауруханаға жатқанда елдер танып, көп көмек көрсетіп жатты. Білемін, келесі палатада танымал емес бір адам жатыр, оған дұрыс қарап жатпағанын.
Дүкенде кезексіз өткізіп жіберетін кездер, жанармай құярда тегін беріп жіберетін танымалдылықтың осындай әдемі сәттері бар. Әуелі Аллаға, одан ұстазыма, қара домбырама рақмет», — деп әзілдеді ол.
KAZAKBOL.COM