Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Михаил Саакашвили Тбилиси сотында бірінші рет көрінді

KAZAKBOL.COM

Қазан айының басында ұсталған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили дүйсенбі күні бірінші рет Тбилиси сотында көрінді.

Оны ауруханадан Гори қаласындағы әскери базаға алып келді.

Қазір сот оған тағылған жаңа айыптар бойынша істі қарап жатыр. Саакашвили 2007 жылдың 7 қарашасындағы халық митингісін күшпен тарқатты, билікті асыра пайдаланды және кәсіпкер Бадри Патаркацишвилидің мүлкін заңсыз тәркіледі деп айыпталып жатыр. Бұрынғы президент болса кінәсін мойындамайды.

Азаттықтың грузин қызметінің хабарлауынша, сот алдында Саакашвили Грузияның сот және прокуратура жүйесін мойындамайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, сот алдын ала шығарылған шешім бойынша жұмыс істеп жатыр.

Саакашвили сот ісіне өзінің бастан-аяқ қатысуын талап еткен. Осыған дейін билік оның «қауіпсіздігіне» алаңдап, сот отырысына жеке басының қатысуына қарсылық танытқан.

Тбилиси соты алдында Саакашвилидің жақтастары жиналды. Олар ғимаратқа баратын жолды жапты. Полиция өкілдерімен қақтығыс болды, ұсталғандар бар.

Сот залына БАҚ өкілдерінен тек Қоғамдық Бірінші арна ғана жіберілген.

Саакашвили билікке «мақпал революциясынан» кейін келді, ол 2012 жылға дейін президент болды. Кейін ол шетелге кетіп, жаңа билік Саакашвилидің азаматтығын алып, оған қарсы қылмыстық іс қозғады.

Ол Грузияға жергілікті сайлауда жақтастарына қолдау білдіру үшін оралған. Оны шекарадан бірден ұстап, абақтыға жапқан. Ол сол жақта аштық жариялады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM