Өзбекстанда «Миллий тикланиш» партиясы Өзбекстан либер-демократиялық партиясының қазіргі президент Шавкат Мирзияевты мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына үміткер ретінде ұсынуын мақұлдады.
«Миллий тикланиш» («Ұлттық өркендеу») партиясы 31 мамырда өткен съезде Өзбекстан либерал-демократиялық партиясының қазіргі президент Шавкат Мирзияевті президентке үміткер ретінде ұсынғанын мақұлдап, саяси науқанға өз үміткерін ұсындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партия басшысы Әлішер Қадыров хабарлады.
«Мемлекет, халық және партия мүддесі тұрғысынан қарасақ, өте дұрыс шешім қабылданды» дейді 2021 жылғы президент сайлауына партия атынан түскен Әлішер Қадыров.
Бұған дейін Либерал-демократиялық партия XI съезінде Өзбекстанның қазіргі басшысы Шавкат Мирзияевті президенттіктен үміткер ретінде бекіткен. Мемлекет басшысы сайлау қарсаңындағы бағдарламасының негізгі бес бағыты туралы баяндама жасаған.
Мирзияев сайлау бағдарламасында өнеркәсіптегі «мегажобалар», әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігін құру, автокөлік өндірісін 1 миллион данаға жеткізу туралы айтқан.
Съезд шешімімен, Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы заң тәртібімен Орталық сайлау комиссиясына Шавкат Мирзияевті президенттікке партия атынан үміткер ретінде тіркеу жөнінде өтініш береді.
KAZAKBOL.COM