Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Министр: Ірі компаниялар қоршаған ортаға шығаратын зиянды қалдықтарын азайтады

KAZAKBOL.COM

Ірі компаниялар қоршаған ортаға шығаратын зиянды қалдықтарын азайтуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде бейсенбі күні үкімет отырысы кезінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

«Ірі ластаушылар тарабынан зиянды қалдықтарды қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан кейбір жұмыстарға тоқтала кетейін. Мысалы, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының болат департаменті отынды газға ауыстырып, электрсүзгілерін қайта құру есебінен қалдықтарды 30 пайызға азайтуды көздеп отыр. «Қазақмыс Смэлтинг» Жезқазған мен Балқаш мыс қорыту зауыттары озық технологияларды қолдана отырып, жаңа күкірт қышқыл цехтарын салмақ» деді Брекешев.

Министрдің айтуынша, одан бөлек «Қазцинк» Өскемен металлургия комбинаты жылу алмастырғыштарды ауыстыруды көздеп отыр. Ол қалдықтарды 21% қысқартуға мүмкіндік береді деді.

Оның айтуынша, 2020-2021 жылдары 83 ірі компанияға аудит жүргізілген. Олардың қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды азырақ шығаруға мүмкіндік беретін озық технологияға көшу деңгейі әртүрлі болып шыққан. Министр бұл мәселе бойынша мұнай өңдеу, цемент, бағалы металл, химия өндірісі салалары алда екенін, электрэнергетика артта қалғанын айтты.

Қазақстан тұрғындары ірі кәсіпорындар мен зауыттардың қоршаған ортаға әсері жөнінде жиі шағымданады. Мысалы, металлургия комбинаты орналасқан 180 мың тұрғыны бар Теміртау қаласының зиянды қалдыққа тұншығып отырғанын жергілікті белсенділер бірнеше жылдан бері айтып, дабыл қағып келеді. Бірақ мәселе шешілмеген. Шенеуніктер комбинаттың табиғатты қорғау шаралары тиімсіз екенін мойындайды. Есеп бойынша, мәселені шешуге миллиардтаған теңге жұмсалған, ал қалдық көлемі бір пайызға жетер-жетпес азайған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM