Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Мирзияев алты жылдық тауық өсіру жоспары табыс әкелгенін айтады

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қашқадария облысына барған сапары кезінде тауық өсіруге байланысты алты жылдық жоспары табысты болғанын атап өткен.

«Әрбір адамда, әрбір отбасында ертеңгі күнге деген сенім қашан пайда болады? Табыс болған кезде. Егер бір сиыр екеу болғанда, бір қой төртеу болғанда, елу тауық жүзге жеткенде»,- деді президент.

Президенттің бұл сөздері тауық өсіру процесін одан сайын күшейтуге серпін берген.

«Ауыл әкімдері әрбір үйді аралап, тауық сатып алуға мәжбүрлеп жатыр. Әсіресе ай сайын жәрдемақы алатындарға алғызып жатыр. Тұрғындар алғысы келмейді. Біріншіден, өте қымбат. Біреуі — 84 мың сум ( 7,5 доллар шамасында) тұрады. Ал базардан 35-40 мың сумға (3-4 доллар) сатып алуға болады. Сатып алғандардың тауықтары бір аптаға жетпей өліп жатыр», – дейді Әндіжан облысы Пахтаабад ауылының тұрғыны.

Әндіжан облысы әкімшілігіндегі дереккөздің хабарлауынша, тауық өсіру жоспарына сәйкес, жергілікті билік Беларусь компаниясымен келісім-шартқа отырған.

– Беларусьтан 2 миллион Тетра тұқымдас балапан әкелді. Оларды 120 күн бойы баптап, көктем шыққан соң, тарату керек болған. Бірақ қаржылық жағдайға байланысты проблема туындаған. Ал банктер жеңілдетілген несие бермейтін болған. Нәтижесінде балапандарды тұрғындарға несиеге беретін болып шешкен», – дейді дереккөз.

Шавкат Мирзияев билікке келгеннен кейін, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін әр отбасына тауық өсіруге кеңес берген. Президент егер әр отбасында 100 тауықтан болса, елде тұрмысы төмен жандар азаяды деген.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM