Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мирзияев Нөкістегі оқиға туралы: Оны шетелдегі арам күштер ұйымдастырған

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Конституцияға Қарақалпақстан егемендігіне қатысты өзгерту енгізуге қарсы наразылықты «шетелдегі арам күштер ұзақ жылдар бойы ұйымдастырған» деп сипаттады.

Бірақ мемлекет басшысы нақты қай ел екенін айтпады.

Президенттің айтуынша, олар «Өзбекстан аумағының тұтастығын бұзып, ұлтаралық жанжал туғызуды көздеген». Нөкістегі оқиғаны зерттеуге қоғам өкілдері мен белсенділері де қатысады, дейді Мирзияев.

Бұның алдында Еуроодақ, Amnesty International, ​АҚШ және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі ресми Ташкентті Қарақалпақстандағы оқиғаны әділ тергеуге шақырған. Ресми мәлімет бойынша, Нөкістегі наразылық кезінде 18 адам қаза болды.

Мирзияев елдің Бас прокуратурасына «әрбір істі тиянақты әрі әділ тексеріп, әділетті баға беруін» тапсырған.

«Күш құрылымдарының әрекеттері де тиянақты түрде сарапталуы тиіс. Шамадан тыс күш қолданған болса, олар да қылмыстық жауапқа тартылуы керек», — деп мәлімдеді Мирзияев. Оның мәлімдемесін мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM