Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мирзияевтің жұмыссыз жастарға 1 гектар жер беру туралы шешіміне шаруалар риза емес

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы шаруалар жұмыссыз жүрген жастарға әрбір 10 гектар егістіктің бір гектарын беру туралы шешіміне қарсы шығып жатыр.

Шарулар жұмыссыз жастар бөлінген жерді бүлдіреді деп алаңдайды.

– Жер салығы біздің мойнымызда. Біз жердің әрбір пұшпағын пайдаға асыруға тырысамыз. Әкімдік жастарға бір гектар жер бөліп бер деп қыстайды. Олар жерге бір тиын төлемей пайда табады. Мұндай шешім кімге ұнасын? – дейді Самарқанд облысындағы Кошрабад ауданында тұратын шаруа.

Наманган облысы Уйчин ауданында тұратын шаруаның айтуынша, жергілікті әкімшілік күш құрылымдарының қысымымен жұмыссыз жастарға бер бергізіп жатыр.

– Әкімшілік пен прокуратура өкілдері жиналыс өткізді. Онда біздің аудандағы жұмыссыз 300 жасқа 1 гектар жер беру қажет екенін айтты. Бізді мәжбүрледі. Үкімет қаулысы, амалсыз келістік, – деді шаруа.

Алайда аудан және облыс әкімшіліктері шаруаларды қыстағаны туралы мәліметтерді жоққа шығарып отыр.

– Бізде шаруаларды жер бөлуге ешкім қыстап жатқан жоқ. Шамасына қарай жер беріп жатыр. Жұмыссыз жастар ол жерде жұмыс істесе жақсы. Олар қазірдің өзінде жерге рақмет деп жатыр, — деді облыс әкімшілігіндегі шенеунік.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев биыл 27 қаңтарда жастарды ауыл шаруашылығына тарту туралы шешім қабылдаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM