Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Митинг өтеді деген күні Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, көшелер жабылды

KAZAKBOL.COM

19 қаңтарда митинг өтеді деген күні Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Азаттық тілшісі сәрсенбі күні түске қарай Алматы әкімдігі уақытша орналасқан Алмалы әкімдігі маңайында полиция көліктері мен жедел жәрдем машиналары тұрғанын көрді.

Бір күн бұрын қаңтардағы оқиғаға байланысты төтенше жағдай режимінен шыққан қалада полиция қызметкерлері ары-бері жүрген тұрғындардың құжаттарын тексеріп жатыр. Әкімдік маңында бірнеше автозак тұр, барлығында арнайы жасақ отыр.

Абылай хан көшесі «Нұр Отан» партиясы ғимараты орналасқан жерден бастап Гогольға дейін жабылған. «Астана» алаңы да бекітілген.

Азаттық тілшісі бұрынғы парламент ғимараты – Қазақ британ техникалық университетінің артында көп әскери қызметкерлер жүргенін де көрді. Адам таситын әскери екі көлік тұр.

Аумақта әзірге мобильді интернет бар.

Бұған дейін шетелде тұратын қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов жақтастарын 19 қаңтарда митингіге шығуға шақырған еді.

Алматы қалалық полициясы 19 қаңтарда күндіз тұрғындарға «терроризмге қарсы операциялардың жүргізілуіне байланысты» әкімдік маңында көлік қозғалысы тоқтатылатынын хабарлады.

Билік 18 қаңтарда қалада төтенше жағдай алынғанмен «терроризм қаупі» әлі сейілмегенін мәлімдеп, Алматының «қызыл деңгейде» қалғанын хабарлаған.

Сәрсенбі күні Алматыдан бөлек, өзге қалаларда да қауіпсіздік шараларының күшейтілгені белгілі болды. Астанада әкімдік алдындағы жол жабылған. Маңайда полиция, арнайы жасақ жүрді. Екі адам Азатттық тілшісіне Әблязовтың шақыруымен митингіге келгенін, пікірлерін айтқысы келетінін жеткізді. «Бірақ бізді әкімдік жаққа қарай жібермеді» деді олар. Полиция оларды ұстауға оқталғанмен екеуі маңайдан кеткеннен кейін ұстаған жоқ.

Шымкентте де жағдай осыған ұқсас. Әкімдік маңын полицияның бірнеше көлігі әр жерден бақылаған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM