Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисиді саталымға қою туралы хабарлама.
eBay интернет-аукционында жарияланып, көптің назарына ілікті деп хабарлайды NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Foreign Policy мәлімдеген.
Мұндай оғаш хабарламаға 24 ақпан күні Мысыр басшысының еліндегі дағдарысты еңсеруге барын салатынын, егер нәтиже шықпаса өзін сатып жіберуге әзір екенін мәлімдеуі себеп болған.
Президенттің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде әзілдер легін тудырған. Бірнеше сағаттан кейін ас-Сиси интернет-аукционға қойылып, оны сатып алу құны 100 мың долларға дейін көтерілген.
Мысыр басшысын саудаға қойған «dr_motown» есімді пайдаланушы «тауарын» аздап ұсталған фельдмаршал және философия докторы ретінде сипаттаған.
Интернет-аукцион басшылығы сатушының әзілін қабылдамай, оның хабарламасын өшіріп тастады.
KAZAKBOL.COM