Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мәскеу мэрі коммуналдық қызметтерде мигранттар санын қысқартуды тапсырды

KAZAKBOL.COM

Мәскеу мэрі Сергей Собянин аудандық коммуналдық қызметтерде мигранттар санын қысқартуды тапсырды. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігі хабарлады.

Собяниннің сөзінше, қаладағы ірі коммуналдық кәсіпорындарда мигранттар қалмады.

«Қаладағы ірі коммуналдық кәсіпорындарда мигранттар жоқ десек те болады. Олар тек аудандарда, төменгі жалақыға қара жұмыс істейтін жерлерде ғана қалды. Оларды да ауыстыратын басқа резерв бар», — деді Мәскеу мэрі.

Бір апта бұрын Собянин Мәскеуде құрылыста жұмыс істейтін мигранттарды аймақтардағы жергілікті тұрғындармен алмастыруды тапсырған. Ол Мәскеуде құрылыста алатын 120-150 мың рубль жалақы мигранттар үшін тым көп деген.

Қараша айында Мәскеу әкімдігі құрылыс саласын мигранттарсыз жүргізетін арнайы жоспар әзірлеп жатқанын мәлімдеген.

Биыл қыркүйек айында ғана Мәскеудің вице-мэрі Владимир Ефимов қалаға 200 мыңдай жұмыс күші жетіспейді деген.

Кейін Собянин қалада құрылыста мигранттар санын екі есеге қысқарттық, мұның өзі жақсы нәтиже деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM