Қазақстандық дизайнер елбасыға сыйлық жасағанда қатты қуанғанын айтты.
Қазақстанның ең ақылды ер азаматтарына отандық киім ұсынып жүрген дизайнер Айжани Нұрланова елбасыға алғысын білдірді.Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
«Менің елбасыға алғысым шексіз, отандық өнімге қолдау көрсетті. Оны біз мақтан тұтамыз. Елбасы отандық өндірісті әрқашан қолдап отыр. Қазақстанда тігілген костюмді киіп, жарнама жасады. Мұндай жағдай ешқандай елде болған жоқ, оны мақтанышпен айта аламын. Ол бізге жақсы жарнама жасап берді. Елбасы тегін нәрсені қаламайтын адам, ондай тұлғалар өмірге бір рет келеді. Бізде тігілген костюмді сыйлық ретінде қабылдағанына өте қуандық. Біз басқа ешкімге сыйлық жасаған жоқпыз», — дейді дизайнер Айжани Нұрланова.
Қазақстан президенті отандық өнімге жиі жарнама жасайды. Ол шенеуніктерге елімізде тігілген костюм мен аяқ киімдерді киетінін айтып, үлгі көрсетуде.
«Мен Қазақстанда тігілген костюмді киемін, аяқ киімім де өз елімізде тігілген. Өзіміздің жеңіл өнеркәсібімізге осылай жарнама жасаймын», — деген болатын Назарбаев.
Президент костюмінің ішіндегі маркасын әкімдерге ашып та көрсетті. Дизайнер 30 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін бағаланатын костюмдерден әкімдер орташа бағадағы киімді таңдап жүргенін айтады.
«Біздің костюмдердің бағасы миллион тұрады, біз тек арзандатып сатып жатырмыз. Әкімдер бізден 55-65 мың теңгенің костюмін сатып алады», — дейді дизайнер Айжани Нұрланова.
KAZAKBOL.COM