Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Назарбаев тағы бір ақтөбелікке үй сыйлады

KAZAKBOL.COM

Назарбаев тағы бір ақтөбелікке үй сыйлады.

Ата-анасының қиын жағдайын жазған ақтөбелік оқушы бір жапырақ қағазын президенттің қолына ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Елбасы Ақтөбеге сапарында Назарбаев атындағы зияткерлік мектеп оқушыларымен кездесті. Мектептің техникалық базасымен танысқан президент оқушылармен әңгімелесіп кетуді ұмытқан жоқ. Президентті қарсы алып, мектептегі жағдайды айтып тұрған оқушы жеке басына қатысты әңгімені «Қалтамда бір жапырақ қағаз бар еді» деп бастады. «Әкел онда бір жапырақ қағазыңды» деген Нұрсұлтан Назарбаев қобалжыған оқушыға сенімділік беріп, хатын алды.

Ол қолына ұстаған хатты «Мынаны қазір оқиын ба, әлде кейін оқиын ба?» деп сұрап, оқушыға қараған болатын.

«Өзіңіз қалаған уақытта оқырсыз» деген оқушы сөзінен кейін елбасы хатты бір шолып шықты.

Қысқаша диалог кезінде елбасы «Үйің қайда орналасқан?» деп баланың жағдайын да сұрады.

«Әке шешем Қарабұтақ ауылында тұрады. Үйде кәмелеттік жасқа толмаған төрт бала бар. Үйдегілер бізді оқыту үшін қалаға көшіп келеді» деген баланың тілегі жерде қалған жоқ.

Қолына хатты ұстап тұрған күйі Нұрсұлтан Әбішұлы «мынаны әкімге тапсырамын, бұл үй саған емес, сенің ата анаңа болады» деп кетті.

Ақтөбеліктердің Назарбаевтың алдынан шығып, үй сұрауы бұл бірінші рет емес. Осыдан он жыл бұрын Ақтөбеге президент келген кезде қаншама күзеттің арасынан сытылып шыққан кішкентай қыз көпті таң қалдырғаны есімізде. Онда бүлдіршін анасының елбасы атына жазған хатын қолына қысып жүгірген болатын.

Кішкентай қыз жүгірген бойымен хатын президенттің қолына ұстатты. Сол кезде хатты көмекшілеріне берген Нұрсұлтан Әбішұлы кішкентай бүлдіршіннің ниетін, ананың тілегін орындады.

Елбасы сапарынан кейін Шолпан есімді қыздың отбасы баспаналы болғаны хабарланған болатын.

Бұл жолы тағы бір ақтөбелік жүрегі дауалап, президент қолына хат ұстатты. Үлкен қонақ бала көңілін қаққан жоқ. Нақ шешімін айтып, уәдесін беріп кетті.

 


 

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM