Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Назарбаев: Теңгенің құбылуы халықтың әл-ауқатына әсер етпейді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 шілдеде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде Назарбаев валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және экономиканы әрі қарай дамыту үшін елде қажетті жағдай жасалғанын айтты.

«Бірінші жарты жылдықта экономика төрт пайыздан астам өсті. Теңгені еркін айналымға жібергеніміз дұрыс болды. Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақышевтың айтуынша, теңге бағамының өзгеруіне Қазақстан халқы бейімделген.

«Теңге бағамының өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор – Қазақстанның сауда-экономикалық нарығындағы валюталық-қаржылық жағдай. Екінші фактор – доллардың бүкіл әлем бойынша нығаюы. Бұл орайда, кәсіпорындар мен тұрғындардың мұндай құбылмалы бағамға бейімделгенін атап өту керек. Қазақстанда шетелдік валютаға деген сұраныстың төмендегені байқалып отыр» деді Ұлттық банк төрағасы.

Ақышев кездесуде негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан қаржы нарығында тұрақты жағдай қалыптасқанын айтты.

«2018 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,9 пайызды құрады. Бұл – соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Ұлттық банк инфляция деңгейін 2020 жылға қарай 4 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр» деді ол.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM