Қалталы азамат. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Үндістанда Hare Krishna Exports зергерлік компаниясының қожайыны 400 қызметкеріне пәтер сыйлайтын болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.infocar.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Савджибхай Дхолакиа есімді бизнесмен Дивали мерекесіне орай ең еңбекқор қызметкерлеріне осындай сыйлық жасамақ. Одан бөлек қызметкерлер 1260 көлікті және зергерлік бұйымдарды сыйға алады. Бизнесмен сыйлықтарға шамамен 7 миллион доллар жұмсамақ.
«Біз әр қызметкеріміздің өз пәтері мен көлігі болуын мақсат тұтамыз», — дейді Дхолакиа.
Компания 75 елге бриллианттар сатады. 2014 жылы компанияның қызметкерлері 491 көлік пен 207 пәтерді сыйға алған.
KAZAKBOL.COM