9 ақпанда Ресейдің Новосибирск қаласында көп қабатты үйде жарылыс болып, бір қырғыз әйелі қайтыс болған. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 26 ақпанда хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, газ жарылған кезде оның омыртқасы сынған. Оған Новосибирскідегі Травматология және ортопедия орталығында операция жасалған. 21 ақпанда Бердск қаласындағы реабилитация орталығына аударылған. 24 ақпанда ол Бердск қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсіп, көп өтпей қаза тапты.
СІМ бас консулдық пен қырғыз диаспорасы бірігіп, марқұмның денесін еліне жеткізуге көмектесті деді. Ол туған мекені Ош қаласына жеткізілген.
9 ақпанда бес қабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, үйдің екі подьезі қираған. 15 адам қайтыс болып, 30 пәтер зардап шеккен.
KAZAKBOL.COM