Нұрлан Нығматулин. Фото: bnews.kz
Бүгiн мәжiлiстiң жалпы отырысында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин үкiмет мүшелерiнен депутаттардың сұрағына «әдемi» сөздердi тiзбей, нақты жауап берудi сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.
Отырыста 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралды. Бұл маңызды мәселе бойынша депутаттардың үкiмет мүшелерiне қояр сұрақтары көп болды. Халық қалаулыларының бiрi Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсеноваға халықты бiр өңiрден екiншiсiне көшiруге қатысты жұмыстың тиiмдiлiгiн сұрады. Бiрақ министрдiң жауабына мәжiлiс төрағасының көңiлi толмаған тәрiздi.
«Тамара Босымбекқызы, сiзге және сұрақтарға жауап беретiн басқа да министрлерге өтiнiш жасағым келедi. Сiздердiң 2 сағат үзiлiссiз сөйлеудiң шеберi екендерiңiздi бәрiмiз жақсы бiлемiз. Әдемi сөздердiң жиынтығы парламентте керек емес. Нақты сұрақ қойылды – нақты жауап керек. Бүгiн жұмыс көп. Келiстiк пе?», — деп үкiмет мүшелерiне қарата айтты Нығматулин.
Сондай-ақ отырыс барысында Мәжiлiс төрағасы министр Бишiмбаевтың да сөзiн бөлiп, «бұл мәселені бұқаралық ақпарат құралдарына кеңірек айтып берерсіз», — деді.
KAZAKBOL.COM