Пентагон украин армиясының шабуылы қарсаңында Украинаға көмек көрсету жоспары туралы құпия құжатты жариялаған адамдарды іздестіріп жатыр.
Материалдар жақында твиттер мен телеграмда жарияланған, деп хабарлады New York Times газеті Джо Байден әкімшілігіндегі лауазымы жоғары қызметкерге сілтеме жасай отырып.
Құпия материалдарда шабуылға дайындалып жатқан украин әскери бөлімдерінің құрамы мен қару-жарағы, әскери техника мен қару-жарақты жеткізу кестесі туралы мәлімет бар.
New York Times құпия құжаттардың жарияланып кетуін Ресей барлау қызметтің соғыс бастан уақыттан бергі ең ірі олжасы деп атады. Газет дереккөзі құпия материалдағы деректердің кейбірі ескіріп кеткенін, онда наурыздың басындағы жағдай сипатталғанын айтты. Соған қарамастан Мәскеу осы мәліметтерден біршама пайдалы ақпарат жинай алады. Мысалы, HIMARS зымыран жүйесінің жарақтары қаншалықты тез таусылаты туралы мәлімет бар. Содан-ақ бұл жүйені украин армиясы пайдаланады деген қорытынды жасауға болады.
Соғыс басталған уақытта Киев әскери жоспарын Вашингтонмен бөліскісі келмеген, мәліметті үшінші бір тарап біліп қоя ма деп қауіптенген. Кейінгі айларда екі ел арасында әскери жоспар құрудағы байланысы кеңейген. Құпия құжаттардың жария болуы мұндай байланысқа кері әсер етуі мүмкін.
KAZAKBOL.COM