Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ОҚО-да даладан сөмкеге салынған жаңа туған нәресте табылды

KAZAKBOL.COM

Оңтүстік Қазақстан облысында даладан қытай сөмкесіне салынған жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Баланы 4 наурыз күні Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылынан 16:00 кезінде тапқан. Құрмантаев атындағы мектептің қасында ішінде әлдене салынған сөмке жатқанын мектеп кітапханашысы Гүлмира Серікбаеваға балалар айтып келген. Бала ораулы болған, оның қасынан қан жұққан маталар табылған.

Нәресте бірден Сайрам ауданының орталық ауруханасына жеткізілген. Салмағы 3 кг 88 грамм, ал бойы 52 см. Қыз бала. Оның жағдайы әлі белгісіз, себебі кезекші дәрігер Нұрсұлу Кенжебекова жағдайға байланысты мәлімет беруден бас тартып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеген.

«Төртке 15 минут қалған кез. Көршілер: «Тез жет, нәресте тауып алдық», — деді. Бардық, бала қытай сөмкесінде жатыр. Сап-сау, ай-күні жетіп туған бала. Аяғы көгеріп кетіпті, бірден уақаладым. Аяныштан жүрегім езіліп кете жаздады. Жедел жәрдемге хабар бердік, олар келіп алып кетті», — дейді Гүлмира Серікбаева.

Еске сала кетейік, 25 ақпан күні бұндай оқиға Шымкентте Гагарин көшесінде болған еді. Таңғы жеті жарым кезінде «Дау-мед» медициналық орталығының күзетшісі мен дәрігерлері банкомат пен қоқыс жәшігі арасында жатқан нәрестені тауып алған болатын. Ол да қыз бала болатын. Шақалақ бірден №2 ОПО-ға жеткізілген. Көкек ананы полицей іздестіріп жатыр. Балаға Жұлдыз Сақтаған деген есім берілді. Оған бірқатар ауыр диагноздар қойылды және Даун синдромы бар болуы мүмкін.

Кейін ОҚО ІІД бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сондай-ақ, бейнекамераға болжам бойынша көкек ананың сұлбасы түсіп қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM