Елдің ашуын тудырған жаға ұстатарлық оқиға Созақ ауданында орын алған, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.
Аудан орталығы Шолаққорғандағы орталық мешітке құлшылық жасамақ болып келген тұрғын дәрет алып, сұмдық жағдайға куә болды. Оқиға дәлелді болуы үшін видеоға да түсірген. Онда дәретхана ішінде Құран кітабының жыртылған парақшалары әжетхана қағазы ретінде пайдаланылғанын байқауға болады. Ашуға булыққан автор бұл жағдайда қайда және кімге шағымдану қажеттігін елден сұрайды.
«Жақындап көрсетудің қажеті жоқ шығар. Құрметті мұсылман, бұл не деген әдепсіздік? Шолаққорған орталық мешітінде дәретхана ішінде құран кітабы. Кімге шағымданамыз? Кім шешеді бұны? Масқара ғой бұл»,-дейді мешітке келген азамат.