Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Оқушының үкіметке қояр жұмбағы: Екі жылда бір боталайтын түйеге несие неге бір жылға беріледі?

KAZAKBOL.COM

Түйе жүнінен жасалған көрпенің де артықшылықтарын жеткізген оқушы, өкінішке қарай, бүгінде жүн өңдеу жұмыстарының да ақсаңдап тұрғанын ашық айтты.

Ойыл ауданының тұрғындары баспаналарын кепілге қойып, 3 млн теңгеге несие рәсімдеп, түйе малын алған. Алайда, жануардың екі жылда бір боталайтынын алға тартқан олар банк тарапынан да несиені кемі екі жылдан кейін қайтару талап етілсе деген ұсыныс білдіріпті. Бұл туралы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа Ойыл қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Олжас Жәрдемов айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Ойыл ауылында түйе малын көп адам баға бермейді. Тек Берсиев пен Көктоғай ауылдарында жеке-дара азаматтар түйе шаруашылығымен айналысады. Олар мал санын арттыру мақсатында үйлерін кепілге қойып, 3 миллион теңге несие алды. Қарызды бір жылдың ішінде қайтара бастау керек. Неліктен банктер түйе малының екі жылда бір боталайтынын ескермейді екен? Мен осы мәселе бойынша түйешілерді сөзге тартқан едім. Шағын зерттеу жүргізген соң, республикалық оқушылар байқауына өз жобамды әзірлеп апардым. Тіпті, бірінші орын иелендім», — дейді Ойыл қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Олжас Жәрдемов.
Мектеп оқушысы үкіметке «Сыбаға», «Алтын сақа», «Құлан» секілді түйе малына қатысты да «Боз інген» бағдарламасын қабылдаса деген өтініш айтады.
«Түйе жануарын өсіру тиімді. Оның сүйіп жейтін шөбі жантақ пен сасыр Ойыл ауданында өседі. Оған жылы қора мен құнарлы азық керек емес. Қорада қаңтар-ақпан айлары ұстайсыз. Қалған уақытта қорегін жайылып жүріп өзі тауып жейді. Егер түйе шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау болса, тек ұсақ және ірі мал емес, түйе саны да артар еді», — дейді Олжас Жәрдемов.
Оқушының пайымынша, түйе сүтінің сиырдыкіне қарағанда бактерицидтік қасиеті де жоғары екен.
«Отыз градус ыстықта 24 сағат сақтауға болады. Түйенің сүтін ішкен адамның асқазаны ауырмайды. Жаман аурулардан алыс болады. Жүрек аурулары да болмайды. Әрі, бір түйенің беретін еті жылқыдан екі-үш есе артық», — дейді ол.
Түйе жүнінен жасалған көрпенің де артықшылықтарын жеткізген оқушы, өкінішке қарай, бүгінде жүн өңдеу жұмыстарының да ақсаңдап тұрғанын ашық айтты. Мәселен, кәдеге жарата алмаған көршілес облыстарда түйе жүнін өртеп жібереді екен.
Марат Төлепберген
Фото: Aktobenews.kz
KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM