Ресей Украинаның оңтүстігіндегі Одесса қаласын әуеден атқылады. Қалада кем дегенде екі жойқын жарылыс болды. Зымырандар нақты қайда түскені айтылмады.
Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренконың хабарлауынша, шабуылдан 13 жастағы бала опат болып, 17 жастағы қыз жараланған. Гончаренконың айтуынша, алдын ала мәліметке қарағанда, қаза тапқандар мен жараланғандар бұдан көп.
Ресей Одесса қаласын бұған дейін де атқылаған. 30 сәуірдегі шабуылдан жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолы жарамсыз болып қалды. Бұдан бір апта бұрын қала шетіндегі бір үйге зымыран құлап, сегіз адам қаза тапты.
Сол кезде Ресей Қорғаныс министрлігі дәл соққыдан Одесса түбіндегі әскери аэродром жойылды деп мәлімдеген.
KAZAKBOL.COM