Көрнекі сурет. Фото: 4th.com.ua
Оқиға болған күні түнгі сағат үш шамасында әйел бір ауылға бару үшін трассаға шығып көлік тоқтатқан. Оны мінгізген таксидің ішінде шопырмен қоса санағанда төрт еркек және бір қыз отырған. Теміржол өткелінен соң машина басқа жаққа бұрылған.
Әйелдің сұрағына такси жүргізушісі егіс даласы үстіндегі жолмен апаратынын айтып көңілін орнына түсірген. Жолаушылардың біразы түсіп қалады да, көлікте таксист, тағы бір адам және әйел үшеуі қалады.
Қарабалық ауылына қайтар жолда ер адам 50 жастағы әйелді машинаның ішінде зорлаған. Өзін бастапқыда машинаға мінгізген жерден түсіріп кеткен.
Әйел бірден аудандық полицияға хабарласып, арыз жазған. Күдікті көп ұзамай ұсталған.
Тергеу кезінде такси жүргізушісі машинаның ішінде музыка қатты ойнап тұрды және қараңғы болды, сондықтан ештеңе көрмедім және естімедім деген.
Ал күдіктіге бес жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр деп хабарлайды басылым.
KAZAKBOL.COM