Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Отандық әншілер салыққа қарыз екендерін білмейтін болып шықты

KAZAKBOL.COM

Ерке Есмахан аталған жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірмеді,

Бұған дейін БАҚ беттерінде қазақстандық жұлдыздардың салық комитетіне берешек екені жайлы ақпарат тарады. Автокөлігін мініп, алайда оның салығын төлемей жүргендердің қатарында Жеңіс Ысқақова, Ерке Есмахан, Ернар Айдар мен актриса Рано Омарова бар болып шықты. Елді шулатқан ақпаратқа қатысты өнер иелері мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Stan.kz “Время” газетіне сілтеме жасап.

Қымбат маркалы “Лексус” автокөлігін тізгіндеген Ерке Есмаханның берешегі 41 100 теңге. Әншінің өзі аталған жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірмеді, ал қоңырау шалған журналистер әншіден жауап ала алмаған-ды.

Есесіне Ернар Айдардың көмекшісі Әйгерім ғаламторды шулатқан бұл хабарға қатысты мәлімдеме жасады.

“Тіпті не дерімізді білмейміз, себебі Ернар Айдардың атында ешқандай көлік те, мүлік те жоқ. Бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарып немесе салық комитетіне арыз түсіретін ойымыз жоқ. Ең бастысы, салық органдарына қарыз емес екенімізді өзіміз білеміз және оған бола тыңдарманның Ернарға деген көңілі суып қалмас”, – дейді ол.
Алайда, салық органдары Ернардың 205 100 теңге қарыз екенін айтады. Бәлкім бұл салық Ернар 12 сәуір күні апатқа ұшыраған “Тойота лэнд крузер 200” автокөлігі үшін болуы мүмкін. Бірнеше рет аударылған көліктің күл-талқаны шыққан, қалыпқа келтіруге жарамсыз. Автокөлік жоқ – демек салық та жоқ, деп ойлап жүрген болар Ернар Айдар.

Ал әнші әрі актриса Рано Омарова салық органдарына берешек екенін ашық мойындады.

“Мүмкін төлеуді ұмытып кеткен шығармын. Бірақ қарызым туралы ешқандай ескерту қағазын алмадым. Бұл туралы сізден алғаш естуім. Ертең-ақ салық комитетіне барып, бәрін анықтаймын. Расында қарыз болсам, төлеймін. Өзім заңға бағынатын адаммын. Жақында ғана барлық айыппұлдарымды төледім. Отбасыма көбірек көңіл бөлемін, сондықтан да салықты ұмытқан болармын. Қазір мен үшін ең маңыздысы, менің ұлым – Әмірхан”, – дейді Рано.
Айта кетейік, салық органдары Раноның 88 800 теңге қарыз екенін айтады. 72 300 теңге қарызы бар Жеңіс Ысқақова да бұл берешегі жайлы білмейтін болып шықты.

“Алғаш рет естіп тұрмыз. Анық-қанығын анықтайтын боламыз. Қателік кетуі де мүмкін ғой. Қазақстанда тұрамыз, ал бізде бәрі мүмкін. Ал кейде әртістер расында ұмытып кетеді. Жұмыс кестесі тығыз дегендей. Бірақ бәрін анықтап, расында қарыз болсақ төлейміз”, – деп түсіндірді Ысқақованың ресми өкілі Айбатыр Бекболатов.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM