Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Отандық психолог отбасында әйел күйеуін басқарып тұру керектігін айтты

KAZAKBOL.COM

Ажыраспаудың амалын тұрмыс құрмай тұрып ойлау керек деген мамандар бірнеше құпияның сырын ашты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Отбасында әйел адам күйеуін басқарып тұру керек. Күйеуін басқара алмаса, ол жерде дұрыс отбасы болмайды. Еркектерден ештеңені күтудің қажеті жоқ. Ақылды әйел «мен оны басқарамын» деп кеудесін соқпайды. Олар еркекті алға салып, өзі көлеңкеде қалатындар. Қажет болса министр бол, бірақ отбасында әйел екеніңді ұмытпау керек. Бәрін бүлдіретін әйел. Ол дұрыс болмаса, берекет болмайды. Сондықтан әйел тұрмыс құрмай тұрып «мен ана еркекті басқара аламын ба» деп ойлану керек. Басқара алмаса, шалабын шайқаудың қажеті жоқ. Болмаса, еркектің энергиясы сәл төмендеу болу керек. Соның ығына көніп жүреді», — дейді психолог Райса Жақыпова.

Маман қазір ажырасып жатқандардың қатарын тек жастар ғана емес, ақыл тоқтатқан жастағы адамдардың да толтырып тұрғанын айтады.

«Байқағаным, 40 жасқа келгендердің арасында ажырасқандар көбейген. Олармен сөйлесе келе байқағаным, бір біріне кешіріммен қарауды білмейді. Әркім көкірегіндегі өзіндік менін ұрады. Отбасында ондай болмау керек. «Сен — мен үшін, мен — сен үшін» деген ұғым басты орында тұру керек. Аяушылықпен қарап, махаббатты сақтау қиын. Адамдар өздерін жоғары қоятынын түсіндім. Ажырасудың көбею себебі де сол. Танысып, отбасы болу қиын емес, тек тұрып кету қиын болып тұр», — дейді психолог.

Маман өмірде өзін қатты «ақылды» санайтын адамдардың жалғыз қалатынын айтады.

«Өзін өзі танымайтын адамдар болады. Олар өзгені де тани алмайды. Адамдардың өздерін сыйлай алуы маңызды. Менің байқағаным, ақылды адамдар отбасында өзін түсініксіз ұстайды. Олармен де кездесіп жатырмыз. Жұмыста ол керемет адам, үйге келген кезде де өзін солай санайды. Олай болмайды, үйге келгенде киіммен бірге бойыңдағы энергияны шешіп тастау керек. Отбасына келгенде бас иілу керек. Ол — ана, әйел. Басын иіп қараса, үйде түсіністік болады, махаббат болады. Күйеу де жынды емес. Өмірдің мағынасы болу керек»,- дейді маман.

Әйелдің кескіні мен ер адамның денесіне қарап, отбасын құрғандар бір бірінен тез жалығады дегенді айтқан маман махаббатсыз да отбасын құруға болады деген ойда.

«Махаббат уақытпен келетін нәрсе. Махаббатсыз отбасын құруға болады. Мен өзім солай жасадым. Жасым 35-ке келгенде қажеттілік болды, уақыт өтіп бара жатты. Адамдарға қарайсың, олар қалай тұрып жатыр… Шүкіршілік айтасың, жолдасыңды мақтаныш тұтасың. Адамның басында жоспар болу керек. Жыныстық қатынас бірінші орында емес. Көбі соған алданып қалады. «Ой оның денесі қандай?!» деп ойынан шатасып жатады. Минуттық әлсіздіктің тез басылатынын ұмытпау керек. Ер адам тез жалығады, әйел құпия болу керек. Менің өзім жолдасыммен қырық жылдан бері отасып келе жатырмын, ол менің сырымды әлі білмейді. Сыр білдіртпеген сайын ол соңыңнан жүгіреді. Сенің сөзің заң болуы тиіс. Бұл көкірек ұру емес, өзіңді сыйлата алу. Күйеуің өмірінің соңына дейін сені сыйлау керек. Кейде «сен сондайсың, қатыгезсің» деп айтатын кездері болады. Айта берсін, мен «идеально» бола алмаймын. Бірақ менің сөзім заң. Кеудеңді баланың алдында керуге болмайды. Балаға әкесін сыйлатып үйрету керек»,-  дейді психолог.

Психолог залым ой мен өтірік күлуді де отбасын сақтап қалу үшін пайдаланудың маңыздылығын түсіндірді.

«Әйел рухани бай болу керек, залым болу керек. Күйеуіңе бәрін айтпа, оған ол керек емес. Бер жағынан түсіндіргенің де жетіп жатыр. «Өзің білесің» де, «Менің азаматым» деп кісілердің көзінше арқасынан қақ. Ол соған мәз болады. Көзге шөп салуға жол бермеу керек. Отбасында да дипломатты түрде байланыс жасау керек. Керек болса, өтірік күле сал. Арақ ішкіш тумасы келсе де дастарханыңды жай. Ұнамаса да сыйла… Ұрыс сондайдан басталады. Тұрмысқа шықтың ба жолдасыңды ғана емес, оның тумаларын да қабылдауды үйрену керек»,- дейді Райса Жақыпова.

 


 

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM