Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Oyan, Qazaqstan қозғалысы белсенділерді босатып, қудалауды тоқтатуды талап етті

KAZAKBOL.COM

Oyan, Qazaqstan! қозғалысының өкілдері 12 мамырда баспасөз жиынын өткізіп, қамалған белсенділерді босатуды және қудалауды доғаруды талап етті. Олардың жиыны тікелей эфирден көрсетілді.

Бұған дейін қозғалыстың өкілдері Влада Ермольчева мен Дархан Шәріповті сот «әділетсіз сайлауға қарсы наразылық жасағаны үшін» 15 тәулікке қамаған. Бір күн бұрын Влада Ермольчева сот шешіміне наразылық білдіріп, аштық жариялаған.

—Дархан мен Владаны демалыс күні түнде, барынша жабық жағдайда соттады. Олардың қолына хаттама көшірмесі, қамау туралы қаулы да берілген жоқ. Оларды босатуы тиіс. Біз Владаның аштығын қолдаймыз. Дархан мен Влада дұрыс айтты: Қазақстан тарихында бірде-бір рет әділ сайлау болып көрген емес, – деді қозғалыс өкілі Жәнель Шаханова.

Oyan, Qazaqstan!-ның тағы бір өкілі Әсем Жәпішева қозғалыс құрылғалы бері яғни, 2019 жылдан бері «ұйым белсенділері түрлі қудалауды (ұстау, қамау, аңду, адам ұрлау, қысым, сатып алуға тырысу және тағы басқа) бастан кешіріп келе жатыр» деп мәлімдеді.

— Біз белсенділерді қудалауды тоқтатуды талап етеміз, – деді Жәпішева.

Oyan, Qazaqstan белсенділері Влада Ермольчева мен Дархан Шәріповті сот 7 мамырға қараған түні «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыптап, 15 тәулікке қамаған. Екі белсенді президент және парламент сайлауына қатысты наразылық акциялары үшін сотталды. 19 наурызда кезектен тыс парламент сайлауы кезінде бақылаушы болған Влада Ермольчева 26 наурызда акция өткізіп, сайлауды «тоталитаризмге қадам» деп атаған. Ал Шәріпов былтыр қарашадағы президент сайлауы өткен күнгі акция үшін сотталған. Сол кезде Шәріповті полиция наразылыққа шыққан өзге белсенділермен бірге ұстап, алып кеткен еді.

Жуырда Алматыда қамалғандарға арналған (Лобачевский көшесіндегі) изоляторда отырған Дархан Шәріпов жақтастарына хат жазып, «мұнда 488-бап бойынша бірнеше адам отырмыз» деп жазған.

11 мамырда Влада Ермольчева аштық жариялады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM