Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Павлодарда жалғызбасты әке туған балаларын тастап кеткен әйелін іздестіруде

KAZAKBOL.COM
Алты баласын жалғыз өзі бағып отырған Жолқұдық ауылының тұрғыны Е.И. малға шөп беріп жатыр. Фото: Азаттық

Павлодар маңындағы ауылда тұратын отағасы кейінгі үш жыл бойы үйдегі алты баласын жалғыз өзі бағып-қағып отыр. Ол бала-шағасын тастап кеткен әйелінен алимент өндіріп алу үшін сотқа бергенімен, сот орындаушылары оны таба алмай жүр.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Павлодар қаласының іргесіндегі Жолқұдық ауылының 59 жастағы тұрғыны Е.И. (мақаладағы бас кейіпкерлердің аты-жөні редакцияға белгілі, бірақ этикалық себептермен оларды толық көрсетпедік) алғаш рет 20 жыл бұрын үйленген, бірақ келіншегі балаға босанарда қайтыс болған. Туған кезде зақым алған баланы құтқарып қалудың сәті түскен. Ол қазір кезінде дәрігерлер қойған балалар сал ауруы (ДЦП) диагнозымен өмір сүріп жатыр. Жалғызбасты әке жар болатын әйелді жолықтырудан күдер үзгенін мойындайды.

«Ешқашан бай адам болып көрген жоқпын. Өмірімнің ақырына дейін осылай тұл болып өтетін шығармын деп ойлағам. Оның үстіне, екі ұлым өсіп келе жатты. Бірақ бір күні Н. есімді қызбен танысып, екеуміздің көңіліміз жарасты. Ақыры оған үйленіп, ол маған тағы үш ұл, бір қыз бала тауып берді», — дейді Е.И.

Қазір 32 жасқа толған келіншегінің бұрын да үйден кетіп қалып, бір айға дейін жоғалып кететін әдеті болыпты. Бірақ қызына үш ай толған кезде тағы үйден кетіп қалған келіншек сол күйі оралмаған. Бұл жағдай үш жыл бұрын болған. Оны соңғы көрген жан – баласы У. әлі күнге дейін анасына ренжулі.

«Бір күні анам екеуміз көше жақтан үйге келдік. Ол маған «үйге сөмкелерді кіргізе бер» деді де, өзі сыртқа шығып кетті. Бірақ «қазір келемін» деп кеткен анамды сол күйі көрген жоқпын. Енді біздің анамыз жоқ, бірақ оған қайғырмаймыз, өйткені жанымызда әкеміз бар», — деп еске алады У.

Жалғыз басты әке үй шаруасымен айналысып, балаларға тамақ пісіреді, оларды ойнатып, түнде ертегі оқып береді. Балаларға анасының жоқтығын білдірмеуге тырысқан әкенің бұл әрекеті бекер емес сияқты.

«Басқа шарам болмаған соң бәріне өзім жүгіруге тура келетін. Біртіндеп мұның бәріне үйрендім. Қиындықтарға да көндігіп, балаларым өмірімнің мәніне айналды», — дейді көп балалы әке.

Жолқұдық ауылындағы Е.И. тұратын үйдің ауласы. Фото: Азаттық

Үйдегі шаруаға балалар да араласып, міндеттерін өзара бөлісіп алған. Ұлдардың үлкені сабақтан бос уақытында малға қарайды, кішілері үйді жинап, тазалайды. Шаңырақтағы ең кішкентай ер адам – алты жастағы Н. «төсек-орынды 30 секундта жинаймын» деп мақтанады. Үйдегі жалғыз жатын бөлмеде тату отбасы бірге ұйықтайтын төрт кереует тұр.

«Бұған қоса қарындасыммен ойнаймын, екеуміз сурет саламыз. Ал У. кейде бізге ертегі оқып береді. Мультик көргенді жақсы көреміз», — дейді ол.

Көп балалы әке үлкен отбасының бітіп болмайтын тірлігіне көндіккен, бірақ сөз арасында «балаларыма жаңа піскен жеміс-жидек сатып әперіп, әдемі етіп киіндіріп қойсам, үйде ас әзірлейтін әмбебап қазаным (мультиварка) болса» деп армандап қояды..

«Бала көп, тамақ пісіруге кейде үлгермей қаламын. Сондай кездері шіркін-ай, мультиваркам болғанда ғой қандай жақсы болар еді деп ойлаймын. Азық-түлікті ішіне тастай салып, түймешесін бассаң – бәрін өзі пісіреді. Ол менің қыруар уақытымды үнемдеп, жұмысымды жеңілдетер еді», — дейді отағасы.

Бірақ отбасының кей проблемалары үлкен қиындықпен еңсерілетін кездер болады. Жалғыз басты әкенің шаруашылығы шағын – аздаған ет пен сүт беретін бірнеше сиыры бар. Жуырда жалғыз қызы сырқаттанып қалып, бұзаулы сиырды сатуға тура келген. «Дәрі-дәрмек те өте қымбат» деп қынжылады ол. Қалған дүниенің бәрін айына бір рет алатын 40 мың теңге жәрдемақыға сатып алуға тура келеді. Үлкен отбасының тамағына күніне алты бөлке нан кетеді екен.

Балаларын жалғыз бағып отырған әкеге ауылдастары да барынша қарайласуға тырысады. Біреуі киім-кешек берсе, енді біреулер ойыншықтарымен бөліседі. Жергілікті әкімдік те қарап қалмай, кейде отын-су, көмірін түсіріп береді. Бірақ топты баланы жалғыз өзі тәрбиелеп жатқан отағасы бір күні мұндай көмекке де зәру болып қалуы мүмкін екенін түсінеді.

«Әркімнің өз тіршілігі, өз өмірі бар ғой, мұны жақсы түсінемін. Сондықтан 2014 жылы төрт баламның анасынан алимент өндіріп беруді сұрап сотқа жүгіндім. Әйел адам өз балаларын бұлай оңай тастап кете алмайды. Бірақ сот шешімін орындаушылар оны талай жылдан бері таба алмай қойды. Ал мен таныстарымнан ара-тұра әлдебір ақпарат естимін. Оның Павлодарда тұратынын, жеке меншік үйлерді жөндеумен айналысып, құрылыста сылақшы болып жұмыс істейтінін білем. Мен анықтаған ақпаратты сот орындаушылары неге білмейді? Әлде мүлде жұмыс істегілері келмей ме? Әйеліме іздеуді де мен арызданған соң үш жылдан кейін ғана жариялады», — дейді ол.

Балалардың жоғалып кеткен анасы соңғы кезде әке-шешесінің үйінде тұрып жатыр екен деген хабар жеткен. Бірақ кейін 32 жастағы әйел жоқ болып кеткен, сот ұйғарымын алғаннан кейін жасырынып жүрген сияқты.

«Жабығып-жасып, еңсемді түсіргім келмейді, өйткені бала-шағам үшін жауаптымын. Олар да мұны сезіп, шамалары келгенше көмектесуге тырысады, маған күш береді. Рас, ақшадан тарығып қалатын кездер де болады, бірақ балаларың жаныңда болғаннан артық не бар?»,  – дейді отағасы.

Азаттық тілшісіне Е.И-дің ісімен айналысатын сот шешімін орындаушыларға хабарласудың сәті түсті. Олар көп балалы әкенің проблемасын білетінін, бірақ еш көмек көрсете алмайтындарын айтады. Қазір іс материалдары бала-шағасын тастап кеткен әйелге қатысты қылмыстық іс қозғау үшін сотқа жолданған.



KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM