Фото: Рavlodarnews.kz
Ведомство басшысының айтуынша, зардапшегушіні таныстары алдап, орманға шығарып алған.
Павлодарлық орманшылар таныстары орманға алып кетіп, зорламақ болған 25 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында Павлодар қаласы орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеменің директоры Аждар Жүсіпов мәлім етті.
— Жұма күні сағат таңғы 6.00-де бізге Павлодар ауданының учаскелік полиция қызметкерлері хабарласып, көмек сұрады. Олардың айтуынша, Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округіне қарайтын жайылымда 25 жастағы қыз жоғалып, шығар жол таба алмай жүрген. Біздің төрт орманшы бір сағаттың ішінде жоғалған қыздың нұсқауы бойынша жедел жетіп, көмек көрсетті. Қыз шалшыққа батып, шыға алмай жатыр екен. Шұғыл қайық әкеліп, сары масаға таланған қызды Набережное ауылының полициясына тапсырдық, — деді Аждар Жүсіпов.
Ведомство басшысының айтуынша, зардапшегушіні таныстары алдап, орманға шығарып алған. Жігіттерден қашып, орманның ішінде адасып кетіп ол полиция көмегіне жүгінген.
Назым Қарабаева
KAZAKBOL.COM