Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Перуде жаппай наразылықтан төтенше жағдай жарияланды

KAZAKBOL.COM

Перудің жаңа билігі президент Педро Кастильоға импичмент жариялауға байланысты басталған жаппай наразылыққа байланысты 30 күнге төтенше жағдай енгізді.

Мұндай қаулы Перу үкіметінің отырысында қабылданды. Құжатқа сәйкес, бір ай бойы перуліктер елде жиналу, митинг өткізу құқығынан айырылды. Полицияға сот шешімінсіз жеке үйлерге тінту жүргізуге рұқсат берілді. Бұдан бөлек үкімет кешкісін коменданттық сағат енгізуді талқылап жатыр.

Перуде жаппай наразылық өткен аптада басталды. Ел Конгресі президент Педро Кастильоға импичмент жариялаған. Кастильо Конгресті таратпақ болды, бірақ депутаттардың өздері Кастильоның отставкасын талап етті. Қазір ол мемлекетке төңкеріс жасамақ болды деген айыппен қамауда отыр. Оның орнына бұрынғы вице-президент Дина Болуарте келді.

Митингке қатысушылар жолды, әуежайды жауып, Кастильоға бостандық талап етіп жатыр. Олар бірнеше полиция бөлімшелерін өртеген. Полициямен қақтығыс кезінде кемінде сегіз адамға оқ атылған, жиырмаға жуығы жараланған.

Болуарте президент сайлауы 2023 жылдың желтоқсан айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеді. Осының алдында ол 2026 жылға дейін, Кастильоның президенттік мерзімі аяқталғанға дейін отыратынын жеткізген.

Педро Кастильо Перу президенті болып 2021 жылдың маусым айында 51,2 пайыз дауыспен жеңіске жетіп, сайланған. Содан бері Конгресс оған екі рет импичмент жариялауға тырысқан.

Дина Болуарте Перудегі бірінші әйел президент.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM