Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Петербургтегі теракт үшін сотталған Азимовтің қайда отырғаны белгісіз

KAZAKBOL.COM

Петербург метросында теракт жасады деген айыппен өмірлік түрме жазасына кесілген Аброр Азимовтің қайда екені белгісіз.

Азимовтің әкесінің айтуынша, сотталушының туыстары да, адвокат та бір айдан бері онымен байланыс орната алмаған. Олар Азимовтің қайда екенін де білмейді.

Қыркүйекте оны Санкт-Петербургтегі «Кресты» тергеу изоляторынан арнайы режимді колонияға жеткізуі тиіс болған. Соңғы мәрте Азимов туыстарына 14 қыркүйекте хабарласқан. Азимовпен хат жазысып тұратын филолог Елена Эфрос 29 қыркүйекте одан хат алған. Содан кейін сотталушы байланысқа шықпады, дегенмен ол хатында жақында хабарласатынын жазған.

Азимовтің туыстары мен қорғаушылары оның қайда екенін білу мақсатында прокуратураға арызданған.

Петербург метросындағы жарылыс 2017 жылғы 3 сәуірде болды. 16 адам опат болды, елу шақты адам жараланды.

2019 жылғы желтоқсанда сот шабуылға шеттен келген он бір адамды айыпты деп танып, Аброр Азимовті өмірлік түрме жазасына кесті. Оның бауыры Акрам мен Мұхаммадюсуп Эрматов 28 жылға, қалғандары 19 жылға сотталды.

Сотталушылардың бәрі тағылған айыптарды жоққа шығарды. Төртеуі Федералдық қауіпсіздік қызметінің Мәскеу облысындағы «құпия түрмеде» айыпты мойындату үшін азапталғанын сотта мәлімдеді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM