Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Петропавлдағы төтенше оқиғадан соң үкімет мектептерде видеокамераны көбейтуді ұсынды

KAZAKBOL.COM

Үш оқушы жараланған Петропавлдағы оқиғадан кейін Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов мектептердің кіреберісін бақылауды күшейтіп, видеокамераларды көбейтуді ұсынды.

«Мектептегі қауіпсіздік мәселесіне бәріміз де алаңдаймыз. Көріп отырғанымыздай, мектептің ішінде де түрлі жағдай болады. Қауіпсіздік мәселесін тағы да қарастырып, барлық оқу орнын тексерген жөн. Видеокамераларды көбейтіп, мектептердің кіреберісін бақылауды күшейту қажет» деді Смайылов сейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның сөзінше, оқу-ағарту министрлігі ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктерімен бірге балаларға арналған қауіпсіздік сабақтарын өткізбек.

2021 жылы Татарстанның Қазан қаласындағы мектепте оқушы тоғыз адамды атып өлтірген соң да, Қазақстан үкіметі осыған ұқсас бастама көтерген.

Дүйсенбі, 13 ақпанда Петропавл қаласының полиция басқармасы қаладағы №4 мектептің үш оқушысын 9-сынып оқушысы жаралағаны жөнінде ақпарат түскенін хабарлаған. Прокуратураның қазірге дейінгі мәліметіне қарағанда, кәмелетке толмаған оқушы психиатр есебінде тұрған. Қаланың білім басқармасы ол сабақ басталардан бұрын мектепке асүйдің балтасы мен пышақты сөмкесіне салып әкелгенін хабарлады.

«9-сынып оқушысының сөмкесінде қолдан жасалған маска болған. Туалетте масканы тағып, дәлізге жүгіріп шыққан, кездескен оқушыны екі рет балтамен ұрған, одан кейін қаруымен бір қыз баланың иығынан жанап өтіп, тағы бір оқушыны балтамен ұрған. Оны жоғары сыныптың оқушылары мен мұғалімдер тоқтатқан» деп хабарлады ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев.

Қазірге дейінгі ақпаратқа қарағанда, зардап шеккен оқушының бірі амбулаториялық емге жіберілген, екеуі ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы бірқалыпты дейді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM