Польша парламентінің депутаты әрі Бақташылар қауымдастығының президенті Мирослав Малишевский егін жинау кезінде украиндарды өзбек мигранттарына алмастыруды ұсынды. Бұл жөнінде Wiadomosci ze swiata басылымы жазды.
Польша басылымының жазуынша, қазір жеміс-жидек теру науқаны кезінде жұмыс күші жетіспей жатыр. Себебі, әдетте ол жұмысты істейтін украиндық ер азаматтар соғысқа байланысты елінен шыға алмайды.
«Жұмысшылар жетіспей жатыр. Біріншіден, жүк көліктерін жүргізу, жерге тыңғайтқыш себу секілді ауыр жұмысты істейтін ер адамдар жетіспей жатыр»,- дейді депутат.
Ол қазір көптеген фермерлер жеміс-жидек терілмеген соң шіріп жатыр, соның салдарынан баға да өсіп жатыр деп шағымданып жатқанын айтады. Сол себептен де қазір Польша өзбек жұмысшыларын тартуды қарастырып жатыр.
«Ресейдегі дағдарысқа байланысты төрт миллион өзбекстандық отанына оралған, олар қазір жұмыссыз, Польшаға баруға дайын отыр», — дейді Мирослав Малишевский.
KAZAKBOL.COM