Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Премьер-министр Арселордағы апат жөнінде: Компанияны көмір өндірісін модернизациялауға міндеттедік

KAZAKBOL.COM

10 қараша күні сенат отырысында «АрселорМиттал Теміртаудағы» апат және өндіріс қауіпсіздігі мәселелері бойынша сұраққа жауап берген премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет аталған компанияны көмір өндірісін модернизациялауға міндеттегенін мәлімдеді.

«Жуырда осы компанияның көмір өндіру бойынша келісім-шартын қайта қарастырған кезде алғаш рет көмір өндірісін модернизациялауға жыл сайын 150 млрд теңге көлемінде инвестиция салу туралы қосымша талап енгіздік. Бұған қоса, көмір қатпарларын газдан тазарту жұмыстарына 37 млрд теңге бөлу туралы талап қойылды. Бұрын мұндай міндеттемелер болмаған» деді Әлихан Смайылов.

Жуырда Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында газ тарап, жарылысқа түрткі болған. Апаттан бес адам қаза болып, төрт адам жараланған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Бұған дейін үкімет комиссиясы құрылғаны да хабарланған еді.

Ақпаратқа қарағанда, жазда шахта тексерілген, бірақ метан шығаруға байланысты ешқандай ескерту болмаған. Апат болған орыннан алыс орналасқан учаскедегі лавада метан мөлшерінің көбейгені осыдан бір апта бұрын тіркелген.

Бейсенбі күні сенат отырысында спикер Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеру қажеттігін атап өтіп, «кінәлілердің барлығы жауапқа тартылады» деп үміттенетінін жеткізді.

Сенат отырысында қазір еңбек қауіпсіздігі талаптарын күшейту бойынша заң жобасы әзірленіп жатқаны айтылды. Онда инспекторлардың жоспардан тыс тексеріс жүргізе алатындай өкілетін арттыру, шикізатты игеріп отырған компания иелерінің жауапкершілігін күшейту, өндірісті жаңарту сияқты мәселелер қамтылған деп айтылады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM