Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Президент Мирзияев Шоввозсойдағы «құпия» резиденциясы туралы сауалға жауап берді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкент облысына сапары барысында бейсенбіде журналистердің сауалдарына жауап берді. Мемлекет басшысымен аз уақыт әңгімелескен журналистер оған Шоввозсойдағы демалыс аймағы туралы сұрақ қойды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл сауалды журналист Азиза Құрбанова қойған.

Мемлекет басшысы бұл сауалға былай деп жауап берді:

«Ол темір жолдың мемлекеттік кәсіпорыны. Онда ешкім тұрмайды, оны ешкімге бермеген. Мемлекеттік меншігі. Оған президенттің қандай қатысы бар? Президент ол жерге барар болса, Өзбекстанға пайдалы әріптестік орнату үшін жоғары лауазымды адамды ертіп барады. Біз президентпен жаяу жүрдік, сіз де келіп, онымен жаяу жүріңіз деп неге айтпайсыз? Сосын, бес жылда президент қанша мәрте демалды? Осы сауалды неге қоймайсыз?».

Озодлик радиосыны биыл 23 ақпанда жарияланған зерттеуінде Ташкенттің солтүстік-шығысында 100 шақырым жерде орналасқан Угам-Чаткал биосфера резерватында жылжымайтын мүлік тұрғаны жайлы айтылған. Журналистер қорықтағы бұл сарай президент Шавкат Мирзияев үшін салынғанын анықтаған.

Өзбекстанда ұшуға болмайтын алты аймақтың бірі осында орналасқан. Қорықта су қоймасы салынған. Құрылыс жүргізген жұмысшылардың ұялы телефондарын алып қойған, ал құрылыс құжаттарына «құпия» белгісі басылған.

Кейін Өзбекстан билігі «Озодликтің» президенттің құпия резиденциясы туралы зерттеуін жоққа шығарды.

Резиденция құрылысына тапсырыс берген Өзбекстанның мемлекеттік акционерлік темір жол компаниясы зерттеуде айтылған жайттарды жоққа шығарып, оларды «негізсіз, жалған» деп атаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM