Путин 27 сәуірде өткен Заң шығарушы кеңестің жиынында «Батыс Украинадағы жағдайға араласса көзілеспес жымлдамдықпен жауап береміз» деді.
«Егер кімде-кім жағдайға сырттан араласып, Ресейге стратегиялық қауіп төндірсе, біз көз ілеспен жылдамдықпен әрі тез арада жауап береміз. Бізде басқаларда жоқ құралдар бар. Ал біз олармен мақтанбаймыз, біз оларды қажет болса қолданамыз» деді Путин.
Путин Украинада болып жатқан қақтығысқа қатысты «біздің офицерлер өз парыздарын батыл түрде орындап жатыр, барлық мақсатқа қол жетеді» деді.
Путиннің бұйрығымен Ресей әскері 24 ақпанда Украинаға басып кірген. Кремль бұл әрекетін «арнайы операция» деп атайды. «Соғыс» сөзін қолданғандарды қудалап, қылмыстық іс қозғап жатыр.
Батыс сарапшылары Ресей Украинадағы соғыста көп әскери шығынға ұшырады деп есептейді. Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің есебінше, соғыста Ресейдің 15 мың әскері қаза болған. Соғыстың алғашқы апталарында Ресей Киевті басып алуға тырысқанымен, бұл әрекеттері сәтсіз болып, қазір Кремльдің әскери күші Донбасс аймағын алуға тырысып жатыр. Ұлыбритания барлаушыларының дерегінше, Ресей Украинаның шығысында да айтарлықтай жетістікке жете алмай жатыр.
Соғыс басталғанда АҚШ пен НАТО Украинаға әскер кіргізуден бас тартқан. АҚШ президенті Байден «Украинаға әскер кіргізсек, үшінші дүниежүзілік соғыс басталады» деп мәлімдеген. АҚШ, НАТО және Еуропа елдері Украинаға қару-жарақ жағынан көмек көрсетіп жатыр.
KAZAKBOL.COM