Ресей Украинадағы арнайы операция барысында әзірге айтарлықтай әрекетке бара қойған жоқ, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
«Бізді ұрыс алаңында жеңуге тырысып жатыр дейтін әңгімелер естіп жүрміз. Бұған не деп жауап беруге болады? Тырысып көрсін. Батыс соңғы украин қалғанша бізбен соғысқысы келетінін талай мәрте естідік. Украин халқының қасіреті, бірақ бәрі осыған келе жатқан секілді», — деді Путин Дума фракциялары жетекшілерімен кездесуінде.
Путиннің айтуынша, Ресей «әзірге айтарлықтай ештеңе бастай қоймағанын» бәрі түсінуі керек. Дей тұрғанмен, Мәскеу бейбіт келіссөздерден бас тартпайды. «Бірақ одан бас тартып жүргендер әрі қарай келісімге келу қиындай түсетінін түсінуі тиіс», — дейді мемлекет басшысы.
Батыс елдері Ресейдің биыл 24 ақпанда Украина аумағына басып кіруін сынап, оны «заңсыз» деп атады. Ресейге қарсы салынған санкциялар уақыт өткен сайын ұлғайып келеді.
KAZAKBOL.COM