Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Рахмон Путинмен тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжал мен қауіпсіздік жайын талқылады

KAZAKBOL.COM

8 мамырда Мәскеуде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей президенті Владимир Путин кездесті.

Тәжікстан президентінің ресми сайтындағы ақпаратта кездесудегі әңгіме барысында Рахмонның «тәжік-қырғыз шекарасында болған оқиғаларды қозғап, Тәжікстан үкіметінің барлық мәселені келіссөздер арқылы бейбіт шешу керек деген ұстанымға берік» екенін айтқаны жазылған.

28-29 сәуірде Орталық Азиядағы көрші постсоветтік екі ел – Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандарында жанжалдың соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Ондаған адам қаза тауып, жүздеген кісі жараланды. Душанбе мен Бішкек бір-бірін жағдайды ушықтырып, жанжалды қоздырды деп айыптады.

Ресей президентінің ресми сайтында Путин мен Рахмонның кездескені туралы жарияланған ақпаратта қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал туралы ештеңе айтылмаған.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі Рахмонның Кремльдегі кездесуде ауған-тәжік шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қозғағанын хабарлады. Ауғанстаннан АҚШ әскері толық кеткеннен кейін қауіпсіздік жайы қалай болады деп алаңдаушылық білдірген Рахмон «стратегиялық әріптесін» Тәжікстанға Ауғанстанмен шекарасын нығайтуға көмектесуге шақырған.

Путин Ресейдің Тәжікстанға қолдау танытатынын айтқан. «Сіздерді қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Республикада Ресей қарулы күштерінің 201-базасы бар. Оны және тәжік қарулы күштерін нығайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағытта бірлескен жұмыс атқарылады, бірнеше жылға есептелген тұтас бағдарлама бар. Және ол дер кезінде орындалуы үшін барлық нәрсені жасаймыз» деп мәлімдеген Путин.

Ресейдің Тәжікстанда жеті мыңға жуық әскери шоғырландыратын әскери базасы бар. Екі елдің үкіметаралық келісіміне сәйкес, Ресейдің базаны пайдалану мерзімі 2042 жылға дейін ұзартылған. Ресей мен Тәжікстан бір-бірін стратегиялық әріптес деп атайды. Терроризм және ескерткінің заңсыз айналымымен күрес екі елдің әскери және күш құрылымдары арасындағы әріптестіктің негізгі бағыттарының бірі саналады. Тәжікстан оппозициясы осы елдегі Ресей әскері Рахмон үкіметіне кепілдік беріп отыр деп мәлімдейді.

Владимир Путинмен кездесу барысында Эмомали Рахмон Тәжікстаннан Ресейге жұмыс істеуге баратын еңбек мигранттары мәселесін де талқылап, «екі ел арасында ұшақ қатынасын» көбейту қажетін айтқан деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі – Озоди радиосы.

Эмомали Рахмон Ресей астанасына 8 мамырда Владимир Путиннің шақыруы бойынша барған. Екеуі жексенбі Мәскеудің Қызыл алаңында Жеңіс күні мерекесіне орай өткізілен әскери парадқа қатысты.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM