Қырғызстанның энергетика министрлігі ресейлік «Русатом Энерджи Проект» («Росатом») компаниясымен келісімге келді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, келісімге сәйкес «Росатом» Қырғызстанда Атом электр станциясын салуға дайындалады. Бұл шешімге Сочиде өткен «Атомэкспо-2022» халықаралық көрмесі кезінде келген екен.
2018 жылы Өзбекстан да Ресеймен АЭС салу жөнінде келісімге келген. Қазір Жызақ облысының Тузкан көлінің маңы Атом электр станциясын салатын орын ретінде белгіленді.
KAZAKBOL.COM