Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресей әскерлері Чернобыль АЭС басып алды

KAZAKBOL.COM

24 ақпан күні кешкісін Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының аймағы (АЭС) ресейлік әскерилердің бақылауына өтті. Бұл туралы Reutersагенттігі Украина премьер-министрі Денис Шмигалға сілтеме жасап хабарлады.

«Барынша күрескенімізбен Чернобыльді біз бақылаудан шығарып алдық. Бұрынғы атомэлектр станциясындағы нысандар, конфайнмент және атом қалдықтары сақталған орындардың қазіргі жағдайы белгісіз. Ресейліктердің шабуылдарынан кейін АЭС қауіпсіздігі жөнінде сөз айту қиын. Бұл Еуропа үшін ең қауіпті», — деді ол.

Осының алдында Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің оккупациялық күштері Чернобыль АЭС-ті алуға әрекет жасап жатыр деп мәлімдеген. Зеленский 1986 жылғы трагедия қайталанып кетпеуі үшін украин әскерлері жанын беріп жатқанын, егер ол жерде қандай да бір оқиға орын алса, бүкіл Еуропаға зардабы тиетінін ескерткен.

1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом станциясында жарылыс болды. СССР басшылығы бұл оқиғаны алғаш жасырып, кейін 31 адам қайтыс болды деді. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кемінде 9000 адам қаза тапты деген. «Гринпис» ұйымы бұл оқиғаның салдарынан 200 мың адам қайтыс болды деп есептейді.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасс тұрғындарын «геноцидтен қорғау үшін» «арнайы операция» басталғанын жариялады. Путин Украинаны «әскерсіздендіреміз» деді. Осыған дейін Кремль Украинаға басып кірмейміз деп келген еді.

Украина тарабы Киев, Харьков, Днепрге ракетадан шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Украина шекарашылары Беларусь әскерилері де Ресей әскеріне көмектесіп жатқанын мәлімдеді. Бірақ Александр Лукашенко мұны жоққа шығарды.

Украина билігі Ресейдің шабуылынан кемі 40 әскери қызметкер қаза болғанын хабарлады. Қаза тапқандар мен жараланғандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM