Ресейдің қорғаныс министрлігі Батыс әскери округке 20 жаңа құрама мен әскери бөлімдер құрмақ. Бұл жөнінде мекеменің басшысы Сергей Шойгу хабарлады. Оның сөзінше, мұндай шешімге келуіне АҚШ жетекшілік ететін НАТО-ның Ресей шекарасына жақындауы.
Министр жыл соңына дейін Батыс округке екі мыңға жуық заманауи әскери техника мен қару-жарақ жеткізілетінін айтты.
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг әскери-саяси одақ әскерін қорғаныс мақсатында жаттықтыра отырып, Мәскеумен диалог құру жолдарын іздеуді жалғастыра береді деп мәлімдеді.
Көктем басталғалы бері Ресей аннексиялаған Қырымға және Донбаспен шекара маңына 120 мың жауынгері мен офицерін жібергені белгілі болды. Бұл Украина мен Батыс елдерінің алаңдаушылығын туғызды.
Ресей мұны тек әскери жаттығу деп түсіндіріп, сарбаздардың кері қайтқанын мәлімдеген.
АҚШ Бас хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің әскері әлі де Украинамен шекаралас жерде қалғанын айтқан. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескенінде талқыланған. Блинкен НАТО-ның көмегімен Украинаға әскер кіргізгенімен Донбастағы жанжалды шешпейтінін аңғардық деген.
KAZAKBOL.COM